ТМҰ бітімгерлікті қолдайды

Түркі мемлекеттері ұйымының әлемдік саяси аренада беделі жоғары.

Қазақстанның даулы істерді бітімгерлік жолмен шешуде тәжірибесі мол. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен мерейтойлық самитте осы медиация мәселесіне ерекше мән берілді.

Ерлан Ахмеди, саяси сарапшы:

- Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан тарапынан Палестинаға 1 млн доллар гуманитарлық көмек берілетін болады. Осы мәселеге тек қана Қазақстан ғана емес, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан мемлекеттері өздерінің пікірін білдірді. Түркі мемлекеттерінің негізі ұстанымы, ешқандай соғыссыз, текетірессіз, келісіммен, бейбіт жолмен осындай мәселелерді шешу.