Қоғамды құмар ойындардан сауықтыратын заң керек

«AMANAT» партиясы 25 жасқа толмағандарға құмар ойын ойнауға тыйым салуды ұсынды.

Лудоманияға қарсы іс-қимыл жүргізудің әдіс-тәсілі мен букмекерлік кеңселердің қызметін реттеу мәселелері бүгін Мәжілісте фракциясының кеңейтілген жиынында талқыланды. Деректерге сүйенсек, елде 350 мыңнан астам адам құмар ойынның құрығына түскен. «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов лудомания адам тағдырына балта шабатын қауіпті құбылысқа айналып бара жатқанын атап өтті. Осыны ескерген саяси ұйым өкілдері ойын бизнесі, букмекерлік кеңселер мен лотерея қызметтері бойынша заң жобасын дайындауға бастамашы болды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Президент соңғы жылдары елімізде құмар ойындар белең алып бара жатқанын алға тартып, осыған шұғыл шаралар қабылдауды талап етті. Аманат партиясының осы әлеуметтік маңызы зор мәселені шешу үшін өзқімізге үлкен жауапкершілік алып отырмыз. Бұл ретте ойын бизнесі мәселе бойынша заңнамалық өзгерістер енгіземіз. Аталған норма қоғамды сауықтыруға әсер ететіні сөзсіз.