Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады

Елордада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот құрылады.

Онда келіп түскен істер 6 ай ішінде қаралады. «Ақылға қонымды мерзім» белгіленеді және тараптардың міндетті түрде қатысуымен сот процесі жүргізілетін болады. Бұл жөнінде бүгін Президент қабылдауында болған Жоғарғы Сот төрағасы айтты. Асламбек Мерғалиев, жоғарғы сот алдын ала қарау институтын жоюды, «толық кассацияны» қолдануды ұсынып отырғанын жеткізді. Сот қызметінің ашықтығы мен сот төрелігінің қолжетімділігін арттыру үшін жасанды интеллект элементтері енгізіледі деді.