Қ.Тоқаев Н.Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстерінің іске қосылуы Қазақстан мен Армения байланысын шыңдай түседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті. Қазірдің өзінде бизнес-байланыстар мен туристік сапарлар жандана түскен. Мемлекет басшысы өз сөзінде өзара байланыстарды нығайтуға белсенді саяси диалог және екі мемлекеттің үкіметтері мен парламенттері деңгейіндегі ықпалдастық септігін тигізетінін айтты. Екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді.