Әлихан Смайылов «Ресей» халықаралық көрме-форумына қатысты

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Ресей» халықаралық көрме-форумына қатысты.

Шарада Солтүстік Қазақстан облысының еркін экономикалық аймағында жүк көтергіш жабдықтарды жасап шығаруға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы таныстырылды. Нысанның жобалау жұмыстары жүргізіліп, іргетасы қаланған. Келер жылы өнімнің сынама партиясын шығарып, 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мұнан бөлек бульдозер техникасы мен ауыл шаруашылығы тракторларының өндірісін локализациялау, су және газ құбырларын шығаратын зауыт салу жобалары таныстырылды.