Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады

Кездесуде қос елдің қарым-қатынасын дамыту мен жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Екі ел орнықты даму, жаһандық климат, гуманитарлық байланыс және басқа да салалар бойынша ынтымақтастық орнатқан. Экономикалық ықпалдастық – өзара байланыстың негізгі тірегі. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді, атап айтқанда инвестиция тарту жөніндегі жұмыстарды жетілдіру қажеттігін айтты. Сонымен қатар кездесуде сауда, көлік, логистика, «жасыл» энергетика, экология, тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларындағы байланысты арттыру мүмкіндіктері талқыланды.