Марат Шибұтов баяндамасында қаңтар оқиғасы туралы айтты

Мемлекет басшысының нақты шешімі қаңтар оқиғасы кезінде елді тығырықтан алып шықты.

Осыған байланысты мемлекеттің саяси жүйесінде өзгерістер болған жоқ. Қазақстандық белгілі саясаттанушы Марат Шибұтов өз баяндамасында осындай шешімге келген. Сарапшының пікірінше, бірқатар атқамінерлердің өз мәртебесін сақтап қалуға ұмтылуы, қоғамдық-саяси өмірде нақты өзгерістердің болмауы, құқық қорғау органдарының қылмыскерлермен бірігіп кетуі қаңтар оқиғасына себеп болды. Осыған қарамастан сарапшы  Қазақстанның саяси жүйені демократияландыру мен либералдандыруды жалғастырып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Марат Шибұтов, саясаттанушы: 

- Мен оқиғалардың хронологиясын құрастыруға тырыстым. Сәйкесінше негізгі себептерді талдап шықтым. Ең негізгі көлемді материалдарды, деректі фильмдерді, бағдарламаларды жинадым. Содан кейін барлық нұсқаларды сараптап шықтым. Бұл халықтың наразылығы, түрлі-түсті революция немесе мемлекеттік төңкеріс деген нұсқаларды түгелдей талдауға тырыстым. Соның ең соңғысы  басқаларына қарағанда әлдеқайда сенімді болды.