Сарапшы: Қазақстанның әлеуеті жоғары

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласы бойынша неміс кәсіпкерлері үшін тартымды елдердің бірі.

Географиялық тұрғыдан орналасу жағдайы, аумағының ауқымы мен нарықтағы тәжірибесі шетелдік инвесторлардың ерекше қызығушылығын туғызып отыр. Осы себепті Германияның бизнес өкілдері еліміздің ауыл шаруашылығын қаржыландырып қана қоймай, технологиялық әдіс-тәсілдерімен де бөлісуге мүдделі. Өйткені Қазақстанның агроөнеркәсіп кешен саласында әлеуеті жоғары дейді, - неміс агробизнес альянсының директоры Пэр Бродерсен.

Пэр Бродерсен, неміс агробизнес альянсының директоры:

- Зығыр тұқымдарын, зығыр майын соңғы кездері кез келген неміс дүкендерінің сөрелерінен байқауға болады. Әсіресе биомайдың сапасы өте жоғары. Қазақстан бұл мүмкіндікті пайдаланып, әлемдік нарыққа көбірек тауар жеткізе алар еді. Өйткені сіздің елдің ет және сүт өнімдерінің өндірісін арттыру үшін аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамытуға қауқары жетеді. Соңғы 20 жылда шетелдік инвесторлар арасында жоғары беделге ие болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағытты дамытуға көңіл бөлгені қуантады.