Қазақстанға Башқұртстан басшысы келеді

Башқұртстан республикасының басшысы Ради Хабиров Қазақстанға келеді.

Бұл жайлы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Сапар аясында делегация өкілдері «Қазақстан-Башқұртстан» бизнес форумына қатысады. Сондай-ақ 23-27 қаңтар күндері Қытай халық өкілдері жиналысы төрағасының  орынбасары Хау Мин Зиннің Қазақстанға сапары өтеді. Іссапар аясында Сенат, Парламент төрағаларымен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық жайын талқылайды.

Айбек Смадияров,  ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- 22-25 қаңтар БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісін көмекшісінің орынбасары, БҰҰ Даму бағдарламасы еуропа және ТМД үшін өңірлік бюросы директорының орынбасары Ник Харкман Астанаға сапары өтеді. Сапар аясында ҚР Парламентінің Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепичинамен, Сыртқы істер, ұлттық экономика және мәдение ақпарат басшылығымен кездесулер жоспарлануда.

Қаңтарда Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуов Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекеттеріне іс-сапармен барады. Кездесулер көршілес елдер тарапынан ұйымдастырылып отыр. Онда екі ел арасындағы жобалардың жұмысы қаралады. Сондай-ақ Ұлттық экономика министірі Әлібек Қуантыров бастаған қазақ делегациясы Хорватияға сапар шегеді. Онда олар Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкімет аралық комиссияның алғашқы отырысына қатысады.