Қ. Тоқаев В. Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президентімен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы гуманитарлық, сауда-экономикалық байланысты нығайту мәселесін талқылады. Владимир Зеленский Қазақстанның гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, таяуда Давоста 80-нен астам елдің өкілдері қатысқан «Бейбітшілік формуласы» атты кездесудің қорытындысы және Швейцарияда өтетін кезекті жаһандық саммитке дайындық барысы жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Телефон арқылы сөйлесуге Украина тарапы бастамашылық етті.