Берік Уәли Үкіметтің қашан жасақталатынын айтты

Берік Уәли Үкіметтің қашан жасақталатынын айтты

Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли Премьер-министр мен үкімет мүшелерін тағайындаудың алдағы тәртібін түсіндірді.

Конституцияға сәйкес Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Amanat» партиясы ұсынған кандидатураны қарайды. Егер Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-Министрді тағайындайды – дейді Берік Уәли.

Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын жасақтау процесі басталады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.