Тамара Дүйсенова - Премьер-министрдің орынбасары

Тамара Дүйсенова - Премьер-министрдің орынбасары

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген.

Ташкент халық шаруашылығы институтын тәмәмдаған.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған. 

1988-1992 жылдары Өзбек КСР Мемлекеттік жоспары жанындағы Экономика және нормативтер ҒЗИ экономист болып қызмет етті.

1992-1993 жылдары - Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты экономика бөлімінің аға экономисі.

1993-1994 жылдары - «Перизат-холдинг» компаниясы ақпарат және маркетинг бөлімінің басшысы.

1994-1997 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары және бірінші орынбасары.

1997-1999 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

1999-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2002-2006 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2006-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2008-2013 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

2013 жылғы ақпан-маусым аралығында - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2013 жылғы маусым – 2014 жылғы тамыз айлары аралығында – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2014 жылдың тамызынан 2017 жылдың қаңтарына дейін - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.

2017 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың ақпанына дейін - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2018 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін - «Nur Otan» партиясының хатшысы.

2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың мамырына дейін – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының президенті.

2020 жылдың 5 мамырында  Мемлекеттік басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.