Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубы бас қосты

Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубы биыл алғаш рет бас қосты.

Клуб отырысын ашқан Мәулен Әшімбаев Президент Жолдауында белгіленген негізгі міндеттерге тоқталып, елдің экономикалық даму бағыттарына баса назар аударды. Сенат Төрағасының айтуынша, қазіргі таңда елімізде әлеуметтік даму және бюджеттік-салық саясаты мәселелерін қайта қарау міндеті тұр. Сондай-ақ инфрақұрылымды жаңғырту және инвестиция тартудың маңызы зор. Клуб мүшелері осы тақырыптарда пікір алмасып, әлемдік трендтерге де тоқталды. Жас сарапшылар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту тетіктері мен стратегиялық жоспарлауды талқылады.