Энергия көздерін дамытуға мән беріледі

Президент Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге баса мән беретінін айтты.

Бұл тұста Nebras Power компаниясының елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қызығушылық танытып отырғанын жоғары бағалады. Компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Нассер Әл-Хаджри «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамымен бірлесіп, Қазақстанда су-энергетика жобасын жүзеге асыруға қатысты жоспарын жеткізді. Қатарда мүдделі тараптар арасында тиісті келісімге қол қойылды.