Бұрынғы вице-министр 2 айға қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қамауға алынған бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты мән-жайды мәлімдеді.

Оған ауыр жемқорлық жасады деген айып тағылып отыр. Атап айтқанда, экс-шенеунік коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет етіп, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына түрткі болған. Күдікті соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Арман Тілеукенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Ол 2018 жылы Петропавл қаласында ҚР мен РФ XV Өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. Бұл ретте форумды өткізу үшін смета 2 есеге өсті. Бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты. Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік анықталды және оған тыйым салынған.