Қазақстан-Әзербайжан: ынтымақтастықтың жаңа дәуірі

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға сапары алдында АПА ақпарат Агенттігіне сұхбат берді.

Мақала бүгін агенттіктің электрондық ресурсында жарияланды. Президенттің айтуынша, Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы артты. Дәл осы дәліз арқылы былтыр жүк тасымалдау көлемі 2,7 млн тоннаға жеткен. Бұл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықтың жемісі, – деді Мемлекет басшысы. Каспий жағалауындағы теңіз порттарын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар теміржол арқылы жүк тасымалдау көлемін ұлғайту үшін Қазақстан, Әзербайжан және Грузияның бірлескен кәсіпорны құрылды. Компания «бір терезе» форматында қызмет көрсетеді. Келешекте бұл теміржол желісін өзге де көлік дәліздеріне қосу көзделген. Мұндай қадам Оңтүстік Кавказ бен Түркия елдерінің Қазақстанмен, Орталық Азия елдерімен, Еуразиялық экономикалық одақ және Қытаймен өңіраралық интеграцияны дамытуға жол ашады, – деді Президент.