Бақытжан Сағынтаев Садыр Жапаровпен Еуразиялық одақ мәселелерін талқылады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, тараптар әріптестіктің орта және ұзақ мерзімді бағыттары бойынша пікір алмасты. Сағынтаев Қырғыз елінің басшысына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономикалық үдерістерді кеңінен цифрландыру және өзара сауда-саттықтағы кедергілерді барынша жою сияқты комиссияға тиесілі басты міндеттерді түсіріндіріп, толыққанды ақпарат берді.