Жаңартылатын энергия. Қытай компанияларының қызығушылығы

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздеріне арналған құрал жабдықтар өндірілуі мүмкін. Қытайлық алпауыт компания зауыт ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Сондай-ақ, елде гидро-энергетикалық жобалар салу перспективасы да зерттелуде. Мұны мемлекет басшысының қабылдауында болған белді корпорация басшылары айтты. Президент Қытайға сапарында кәсіпкерлермен кездескен еді.

Мемлекет басшысының Қытайдағы жұмыс сапары іскерлік кездесулермен жалғасты. Келіссөз үстелінде әлемнің алпауыт компаниялары елде жүзеге асыралатын жобалар ұсынды. Сондай-ақ, бұған дейін уағдаласқан бастамалар тағы бір рет пысықталды. Соның бірі – Спик компаниясы салатын жел электр станциялары.

Жобаны жүзеге асыруға 1 млрд доллардан астам инвестиция салынған. Ал қуаттылығы 1 гегебатқа жетеді.

Одан бөлек, Қытайдың алып корпорациясы елде ауқымды гидроэнергетикалық жобалар мен бу-газ турбиналарын салу перспективасын зерттеуге ниетті.

Нұрлан Жақыпов, "Самұрық-қазына" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы:

- Біз қазіргі таңда Спик компаниясымен бірлесіп қуаттылығы 1 гбт жел электр станциясын жүзеге асырып жатырмыз. 500 ггбт Жамбыл облысында, тағы 500 мгбт Павлодар облысында Екібастұз қаласында. Сондай-ақ, Сани груп компаниясы біздің жобамызға тиісті құрал жабдықтар жіберетін болады. Бұл жобалар 2027-2028 жылдары іске қосамыз.

Иә, бұл жобаның игілігін көп ұзамай көреміз.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сани груп компаниясының өкілдерімен де жүздесті. Жел электр станциясының құрылысына қажетті құрал-жабдықпен дәл осы кәсіпорын қамтамасыз етеді.  Бұл – ілкімді істің басы ғана. Компания алдағы уақытта Қазақстанда жаңартылатын энергия көздеріне арналған мұнара, қалақ және гондола құрастыратын зауыт ашқысы келеді. Қазір бұл жобаны тараптар қарастырып жатыр. Егер екіжақ ортақ мәміле тапса, корпорация іске көп ұзамай кіріседі.

Сян Вэньбо, SANY GROUP CO. LTD директорлар кеңесінің төрағасы:

- Білуімше, Қазақстандағы жел электр станциясының құрылысы жазда басталады. Сол уақытқа дейін керек-жарақпен түгел қамтамасыз етуге дайынбыз. Оның үстіне, елдеріңізде өндіріс орнын ашқымыз келетінін Президентке айттым. Ол біздің ұсынысымызды қолдады.

Оған қоса кәсіпорынға Қазақстанда аймақтық R&D орталығын ашу ұсынылды. Бұл орталық компанияның ЕАЭО нарығындағы қызметін ілгерілетуге септігін тигізеді. Жалпы, Қазақстан мен Қытай компаниялары транспорт және логистика саласындағы жобаларды да талқылады. Келелі кездесулер келешекте қомақты инвестиция тартады деген сенім бар. Кездесу барысында Президент компания басшыларын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Бекзат Аманов, Ержан Қанапияұлы, Дулат Ентебеков, ПТРК, Қытай