Қ. Тоқаев Ш. Мирзиёевке көңіл айтты

t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент – Самара тасжолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты Президент Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, жылы лебіз білдірді.