Брест қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

Беларустың Брест қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылды, деп хабарлайды 24KZ.

Салтанатты шараға Премьер-министрдің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қатысты. Сапар аясында 640 қазақстандықтың есімі таңбаланған «Брест батыр бекінісі» мемориалдық кешеніне де барып, гүл қойды.