Президент бюджет қаржысын үнемдеуді тапсырды

www.akorda.kz

Үкімет пен өзге де мемлекеттік органдар біршама уақыт ірі имидждік шаралар өткізбейді.

Тасқын салдарынан қалыптасқан жағдай мен қаржыны үнемдеу мақсатында Президент осындай тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен кездесуінде халықаралық форумды өткізуден бас тартқанын еске салып, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын азаятынын мәлімдеді. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет те қысқарады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Барлық мемлекеттік орган су тасқыны салдарынан сабақ алуы керек. Бізде мұндай апаттарды алдын ала ескерту жүйесі жетіспейді. Қажетті мамандар да тапшы. Қазір гидротехник кадрларды даярлау туралы шұғыл шешім қабылданды.