«Айбын» орденіне даңқты батырлардың есімдері берілді

Ерлік үшін берілетін ордендер даңқты батырлардың есімімен аталады.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалар туралы заңына өзгерістер енгізу туралы» заңға қол қойды. Енді  «Айбын» орденінің дәрежелеріне аты аңызға айналған батырларымыз: Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдері берілді. Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.