Транспорт және логистика. «Бейнеу-Ақтау» автожолының құрылысы

Биылғы жылдың аяғына дейін «Бейнеу-Ақтау» бағытындағы тас жолдың кейбір участкілерінде қозғалыс ашылмақ. Бұл жол телімінің маңызы өте зор. Себебі Ресей мен Шығыс Еуропаны Орталық Азиямен байланыстыратын ең қысқа маршрут болып табылады. Оған қоса теңіз портын өзге аймақтармен байланыстыратын да аталмыш жол дәлізі.  Батыс аймақтағы мемлекеттік бағдарлама аясында жөнделіп жатқан жолдың ұзындығы 470 км. Ауқымды жобаға бірнеше шетелдік компаниялар жұмылдырылған. Толығырақ бүгінгі бағдарламадан көре аласыздар.