USD 340.71 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Showtime телеарнасының сарапшысы Головкин-Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

  • 1350
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Showtime телеарнасының сарапшысы Головкин-Альварес жекпе-жегіне болжам жасады vesti.kz

Сарапшының айтуынша, Альварес Головкиннің мықты соққысына шыдай ала ма, жоқ па ол белгісіз.

Showtime телеарнасының сарапшысы әрі комментаторы Эл Бернштейн WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жекке қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Керемет әрі әсерлі жекпе-жек болады деп ойлаймын, себебі екі боксшы да бір-біріне жақын тұрып соққы жасай алады. Дэниэл Джейкобс Головкинмен жақсы жұдырықтасты, ал «Канело» ондай қимылдар жасамайды. Меніңше, дегенмен олар жақын қашықтықта жүріп соққы жасайды», – дейді сарапшы.

Сарапшының айтуынша, Альварес Головкиннің мықты соққысына шыдай ала ма, жоқ па – ол белгісіз. «Қандай жағдай болсын біз тамаша жекпе-жек көреміз, себебі екеуі де күшті соққы жасай алады, нағыз атыс болайын деп тұр», – дейді Эл Бернштейн.

Сондай-ақ ол осы жекпе-жекте Головкин жеңіске жетеді деген болжам жасады.

«Мейвезер мен МакГрегордың шоуы Головкин-Альварес жекпе-жегінің PPV сатылымына зиянын тигізе ме, білмеймін. Бірақ меңінше Головкиннің жекпе-жегіне жеткілікті адам барады. Себебі бұл жекпе-жекті барлығы күтіп отыр. Екі кездесу бір-біріне кедергі болмайды деп ойлаймын», деді Бернштейн On The Ropes Boxing Radio.kz басылымына берген сұхбатында.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top