USD 330.32 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Ригада Қазақстан елшілігінің кубогы үшін гольф жарысы ұйымдастырылды

  • 171
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Ригада Қазақстан елшілігінің кубогы үшін гольф жарысы ұйымдастырылды

Латвия астанасында жыл сайын Қазақстан елшілігінің кубогы үшін гольфтан жарыс ұйымдастырылады. Биыл бұл спорт бәсекесі Конституция күніне орай өткізілді.

Гольфтан өткен халықаралық жарысқа 40-қа жуық ойыншы қатысты. Олардың қатарында Еуропа мен Балтық жағалауындағы елдерден бастап, ТМД мемлекеттері, Ресей, АҚШ және Оңтүстік Кореядан арнайы келгендер бар. Спорттық бәсеке Латвиядағы Қазақстан елшілігінің бастамасымен осымен 4-ші мәрте өтікзіліп отыр.

Бауыржан Мұхаметжанов, Қазақстанның Латвиядағы елшісі: 

- Қазақстанда Конституция күні қарсаңында гольфтан жарыс өткізу дәстүрге айналған. Оған мемлекет басшысының өзі қатысады.

Мен осында қызметке келген соң осы бастаманы жалғастырғым келді. Міне содан бері жыл сайын Ата заң күніне орай турнир ұйымдастырамыз. Біз гольфқа ойыншылар тартумен шектеліп қалмаймыз. Осы шарада қатысушыларға Қазақстанды таныстырып, еліміз жайлы толыққанды мағлұмат береміз. 

Жарысқа тігілген кубок та жай емес. «Бәйтерек» монументінің кішірейтілген нұсқасы қазақстандық шеберлердің қолынан шыққан. Гольф әуесқойларының арасындағы дода қызу өтті. Кубокты Беларусь елінің ойыншысы жеңіп алды.

Сергей Мартынов, қатысушы /Беларусь/:

- Ойыннан алған әсерім керемет. Бұрын мұндай жарыста жеңімпаз болып, жүлде алып көрген емеспін. Бұл менің спорттағы бірінші жеңісім. Көңіл-күйім керемет. Қатты қуанып тұрмын. 

Әйелдер арасындағы жарыс та тартысты болды. Нәтижесінде латвиялық ойыншы жүлдегер атанды. 

Дайга Пуйсите, қатысушы /Латвия/:

- Бұл Латвиядағы ең қызықты өтетін турнирлердің бірі дер едім. Біз гандикап форматында ойнадық. Менде жарыста жеңемін деген ой мүлдем болған жоқ. Міне жеңіске жеттім. Өзім күтпеген жағымды жаңалық болды. 

Гольф турнирі Балтық елінде айтулы жарыстардың біріне айналып үлгерді. Спорттық шара бір алаңда саясаткерлердің,  кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің басын қосады. Қатысушылардың айтуынша, бұл спорт түрінің осы аймақта дамуына үлес қосумен қатар, екі елді достық қарым-қатынасының нығая түсуіне де өз септігін тигізеді.

Авторлары: Марина Петрова, Сергей Самойлов

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top