USD 330.32 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Головкин мен Альварес жекпе-жек алдында көз арбасты

  • 113
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Головкин мен Альварес жекпе-жек алдында көз арбасты

16-шы қыркүйек күні Лас-Вегаста күш сынасатын Геннадий Головкин мен Сауль Альварес көз түйістіру рәсімін өткізді. Кәсіпқой бокстың шартына сай қарсыластар кездесу алдында осылай тайталасады.

Айтпақшы, спортшылардың табысы белгілі болды. Головкин де, Альварес те кемі 15 миллион АҚШ долларын қалтаға салады. Содан соң телекөрсетілімдерден түскен қаржыдан үлес алады. Тілшілердің бірі Геннадийге осынша көп қаржыны қайда жұмсайсыз деп сұрап үлгеріпті. Жарымды жауап жоқ. Боксшы: «Әзірше білмеймін», деп қысқа қайырған.

WBC/ WBA/ IBF/ IBO алтын белдіктерінің иегері Головкин жеңіске жететініне сенімді сияқты. Әлгі белдіктерді қайта әкетуді ойлайды. «Бұл тарихи кездесу. Әлем көз тіккен жекпе-жек. Жұрттың айызы қанатын бокс кеші болады», дейді Головкин. Ал айқас уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда 17-ші қыркүйек күні сағат 6:00-де басталады.

Геннадий Головкин, кәсіпқой боксшы:

– Бұл біз үшін де, жалпы бокс үшін де керемет шайқас. Тіпті нағыз бәсеке деп те айтар едім. Бұл тарихи жекпе-жек. Және соңғы кездесуіміз емес. Алғашқы бәсеке. Маған бәрі ұнайды. Осындай жағдай. Жұрттың мән беруі ұнайды. Канелоға да ұнайтын шығар.

Сауль Альварес, кәсіпқой боксшы:

– Мені жақсы білесіңдер, көп сөйлегенді ұнатпаймын. Қысқа қайырайын. Мен дайынмын. Түсінемін, кескілескен ұрыс жүреді. Менің жекпе-жегімді үлгі тұтса деймін. Сенбіде жолыққанша.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top