USD 330.32 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Ақтөбеде «Ақбидай-2017» республикалық спорттық ойындары басталды

  • 195
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Ақтөбеде «Ақбидай-2017» республикалық спорттық ойындары басталды

Еліміздің 14 облысынан жиналған атлеттер 3 күн бойы өзара сынға түседі. Әр өңірдің мықтылары көкпар, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақ сынайды.

Одан бөлек, бағдарламада футбол, волейбол, спринттік көпсайыс және гір көтеру бар. 4 жылда бір рет өтетін біріншілікке биыл 2 мыңға жуық спортшы жиналды.

Спартакиаданың мақсаты – ұлттық спортты дамыту, ауыл жастарының белсендігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Шара соңында үздіктерге арнайы жүлделер табыс етіледі.

Ринат Ерғазин, спартакиадаға қатысушы:

– Бұл жарыс 4 жылда бір рет өтеді. Ауылдан қазір спортқа алғыр балалар, спорттағы жетістігі жоғары балалар шығып жатыр. Алғашқы мақсат – соларды өсіру.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top