USD 340.71 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Алматыда сабмишн файтингтан ашық халықаралық турнир өтеді

  • 30
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Алматыда сабмишн файтингтан ашық халықаралық турнир өтеді Ақпараттық-спорттық хаб

Қыркүйек айының 16-ы мен 17-і күндері Алматыда сабмишн файтингтан «Fall Open-2017» ашық халықаралық Arlan Grip Selection турнирі өтеді.

«Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі» сабмишн файтингтан жеткіншектер жарыс жолына шықса, ал 17-қыркүйекте 18 жастан жоғары ересектер өзара мықтыны анықтайтын болады.

Спорттық шараның басты мақсаты – Қазақстанда джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру, үздіктерді  анықтау.

Аталмыш жарыс ADCC ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері  бойынша өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом мен медальдермен марапатталады.

Ақпарат көзі: Ақпараттық-спорттық хаб

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top