USD 344,58

EUR 401,20

РУБ 5.50

Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасының қарсыласы – Аргентина

Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасының қарсыласы – Аргентина

Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы ертең Дэвис кубогы жолындағы жарысты бастайды.

Қарсыласы Аргентина командасы. Әлемдік топта өнер көрсету үшін отандық теннисшілер Аргентинаны жеңуі тиіс. Бүгін жеребе тарту рәсімі өтіп, қос ұжымның ойыншылары өз қарсыластарын анықтап алды. Айтпақшы, жеребені қыран құс тартқанын да айта кетейік.

Алғашқы ойында Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Гвидо Пельямен кездесетін болады. Ойын 15 қыркүйекте «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өтеді.

Диего Шварцерман, Аргентина құрамасының теннисшісі: 

- Қазақстан құрамасы ойыншыларының барлығын да білемін. Мысалы, Михаил Кукушкин – ірі турнирлерде өнер көрсетіп жүрген теннисші. Сондықтан да Астанада өтетін бұл кездесуде жеңіске жетуіміз оңай болмайды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде