USD 340.95 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Чемпиондар лигасы: «Реал» жаңа маусымды жеңіспен бастады

  • 73
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Чемпиондар лигасы: «Реал» жаңа маусымды жеңіспен бастады

Кеше түнде УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі алғашқы тур ойындары өтті.

Е тобындағы екі кездесу де тең аяқталды. «Ливерпуль» «Севильяны» қабылдап, 2:2 есебімен тең ойнаса, «Марибор» мен «Спартак» та жеңімпазды анықтай алмады. Есеп1:1. «Манчестер Сити» сырт алаңда «Фейеноорд» қақпасына жауапсыз төрт доп соқты. Украинаның «Шахтері» 2:1 есебімен «Наполиден» басым түсті. «Лейпциг» пен «Монако» арасындағы кездесу 1:1 нәтижесімен аяқталды. «Порту» өз алаңында «Бешікташқа» есе жіберді. Есеп – 1:3. Чемпиондар лигасы кубогының қазіргі иегері «Реал» да жаңа маусымды жеңіспен бастады. Мадрид командасы 3:0 есебімен АПОЭЛ-ді ұтты. «Тоттенхэм» Дортмундтың «Боруссиясынан» айласын асырды. Есеп3:1.   

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top