USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Бақтияр Артаев: Головкинге қарымта жекпе-жекке жақсылап дайындалу керек

  • 325
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Бақтияр Артаев: Головкинге қарымта жекпе-жекке жақсылап дайындалу керек

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің қорытынды нәтижесі отандық былғары қолғап шеберлерінің көңілінен шыққан жоқ.

Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев пен Серік Сәпиев кәсіпқой бокстағы келісті кездесу жайлы өз пікірін білдіріп, төрешілер шешіміне қатысты ойларын ортаға салды.

Еске сала кетейік, өткен жексенбіде Канело мен Головкин арасындағы сайыс 12 раундқа созылып, қазылардың шешімімен кездесу тең аяқталған еді. Қарағанды бокс мектебінің тағы бір айтулы түлегі Серік Сәпиев жерлесінің 7:5 есебімен басым түскенін алға тартса, Бақтияр Артаев: «қарымта жекпе-жекке жақсылап дайындалу керек», – дейді.

Бақтияр Артаев, бокстан Олимпиада чемпионы: 

- Егер екеуі келесі жылы жоспарлап отырғандай, мамыр-маусым айларында кездесетін болса, Геннадийге сәл-сәл ауырлау болатын секілді. Бұл – шындық. Өйткені тағы да бір жыл өтеді. Бір жыл кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал жас, күшейіп келе жатқан Альвареске ол ыңғайлы, жақсы дайындықта және бабында келуі мүмкін. Бағы жанса, Геннадийдің ауыр соққысы бар, сол мәселені шешіп кетуі мүмкін.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top