USD 333.68 EUR 396.25 РУБ 5.82

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Спорттық акробатикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді

  • 132
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Спорттық акробатикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді Qsport.kz

№ 9 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде спорттық акробатикадан X Азия чемпионаты аяқталды.

Бұл туралы Qsport.kz хабарлады.

Біріншілік үш жас санатында өткізілді: үлкендер, 11-16 жас аралығындағы жеткіншектер және 12-18 жас аралығындағы жастар. Байрақты бәсекеде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Үндістан, Иран, Солтүстік Корея және Гонконг елдерінен келген 144 спортшы 3 күн бойы бақ сынасты.

Сары құрлық бәсекесі Қазақстанда осымен бесінші рет өткізілді. Азия бірінішілігі акробатиканы Қазақстанда дамыту және елге таныту, спортшылар мен бапкерлердің шеберліктерін арттыру, сондай-ақ халықаралық аренада ел мен Алматы қаласының спорттық имиджін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есеп бойынша Қазақстан құрамасы бірінші орынға жайғаса, Өзбекстан спортшылары екінші орынды иеленді. Ал үздік үштікті Қытай командасы түйіндеді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top