USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Геннадий Головкин Бакуде өтетін WBC Конвенциясына қатысады

  • 135
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Геннадий Головкин Бакуде өтетін WBC Конвенциясына қатысады vesti.kz

Басында осы шара Астанада өтуі тиіс болатын.

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта осы ұйымның чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жыл сайынғы WBC Конвенциясына шақырды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

55-ші WBC Конвенциясы Әзербайжан астанасы Баку қаласында қазанның 1-6 аралығында өтеді. Ұйымның ресми сайтында Головкинге арнайы шақырту жіберілгені жарияланған.

Қазақстан астанасының ұсынысы 2016 жылы АҚШ-та өткен 54-ші конвенцияда мақұлданған еді, алайда мамырда WBC ресми түрде осы конвенцияны Астанадан Бакуге ауыстыратын жайлы хабарлады.

Головкиннен басқа бұл шараға Виталий Кличко, Виктор Постол, Майрис Бриедис, Срисакет Сор Рунгвисаи, Кристина Хаммер, Икрам Керват, Фатума Зарика, Джон Фернандес, Насим Хамед, Амир Хан, Эвандер Холифилд, Костя Цзю, Юрий Арбачаков, Хавьер Кастильехо, Карлос Зарате, Гваделупе Пинтор, Эрик Моралес, Майкл Спинкс, Азума Нельсон, Нино Бенвенути, Пол Малиньяджи, Джо Кальзаге, Никки Адлер, Кэтрин Фири сияқты танымал боксшылар шақырылған.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top