USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Карим Бензема «Реал Мадрид» клубымен жаңа келісімшартқа отырды

  • 110
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Карим Бензема «Реал Мадрид» клубымен жаңа келісімшартқа отырды

Испанияның «Реал Мадрид» командасының шабуылшысы Карим Бензема клуб сапында 2021 жылға дейін өнер көрсету үшін келісімшартқа отырды.

Бұл туралы championat.com сайтына сілтеме жасап Qsport.kz порталы хабарлайды.

Француз футболшысы клуб басшыларымен жаңа келісім жасасып, «Реал Мадрид» командасында 2021 жылға дейін қалуды ұйғарған. Негізі Бенземаның келісімшарты «корольдік» клубпен 2019 жылға дейін ғана болатын. 

Айта кетейік, Карим Бензема «Реал Мадрид» сапына 2009 жылы ауысып, осы уақытқа дейін 371 ойын өткізсе, соның 182-інде көзге түсіп, 104 мәрте командаластарына гол соғуға мүмкіндік жасап берген.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top