USD 342,73

EUR 403,00

РУБ 5.50

Надаль мен Федерер Бейжіңдегі теннис турнирінің келесі айналымына өтті

Надаль мен Федерер Бейжіңдегі теннис турнирінің келесі айналымына өтті Фото: rg.ru

Әлемнің әйгілі теннисшілері Қытайда жүр.

Ел астанасы Бейжіңнен Шанхай қаласына ауысқан спортшылар кезекті турнирді бастап кетті. Алты миллионға жуық ұтыс қоры бар жарысқа әлемнің бірінші және екінші ракеткалары Рафаэль Надаль мен Роджер Федерер де араласты. Өткен аптада Бейжіңде топ жарған Надаль екінші айналымда америкалық Джаред Дональдсонды оңай ұтты. Есеп – 6:2, 6:1. Федерер 7:6, 6:4 есебімен аргентиналық Диего Шварцманнан басым түсті. Испан теннисшісі үшінші айналымда италиялық Фабио Фоньинимен кездеседі. Швейцариялық спортшы Александр Долгополовпен кортқа шығады. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде