USD 334.80 EUR 394.47 РУБ 5.80

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


«Түркия турында» Astana командасының велошабандоздары жарақат алды

  • 63
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
«Түркия турында» Astana командасының велошабандоздары жарақат алды

Түркияда велоспорттан 53-мәрте ұйымдастырылған көпкүндіктің екінші кезеңі өтті.

Кешегі сайыста Astana командасы сапынан Рикардо Миналли көзге түсіп, үздік үштіктен орын алды. Алайда «Түркия туры» басталмай жатып, қазақстандық команданың бірнеше велошабандозы жарақаттанып қалды.

Түркия турына қатысып жатқан Astana Pro Team командасы 7 шабандозбен қалды. Сергей Чернецкий ауыр жарақат алып, екінші кезеңді соңына дейін жүре алмады. Ал осыған дейін бір күн бұрын үлкен қақтығыс ортасында қалып кеткен Иеспер Хансен жарақаттан аман шығып, сәттілік жолдас болғанын айтады.

Иеспер Хансен, Astana командасының шабандозы:

– Кеше ауыр жарақат алып кететіндей жағдай болды. Бірнеше шабандоз үлкен жылдамдықта келе жатып, бір-бірімізге соқтығыстық. Мұндай тұста жарақатсыз шығу оңай емес. Алайда менің жолым болды. Енді бар күшімді команданың жеңісі үшін салатын боламын.

«Түркия турының» екінші кезеңі 216 шақырымды құрайтын ауыр жолда өтті. Алты сағаттан астам жол жүрген шабандоздар мәре сызығын кесті. Байқауымызша, Astana командасының шабандоздары алғашқы ондықтың ішінде бар секілді.

Иә, расымен де алғашқы ондықтың ішінде біздің шабандоздар бар болып шықты. Бар болғанда тіпті үшінші орыннан көрінді. Командамыздың спринтері Рикардо Миналли Сэм Беннеттен қас-қағым сәт қана кеш келіпті. Енді біздің команданы Мармаристе өтетін таулы кезеңдер күтіп тұр.

Авторлары: Ермұхамед Мәулен, Айбар Рысдәлет

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top