USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Иван Дычко қазан айында тағы бір кездесу өткізетін болды

  • 241
Иван Дычко қазан айында тағы бір кездесу өткізетін болды ©kfb.kz

13 қазан күні 27 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы өзінің екінші кездесуін өткізеді.

Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлайды. «Жекпе-жек Тампа қаласында өтеді. Кездесуге бір күн қалғанда боксшылар салмақ өлшейді», – дейді боксшының менеджері Зия Алиев.

Қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Родригес Кэйд болады. Ол кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізеді. Жекпе-жек төрт раунда болады деп жоспарлануда. Бокс кешін All Stars компаниясы ұйымдастырады.

Ұйымдастырушылар Тампа қаласында өтетін бокс кешінде Латын Америкасындағы нөмірі бірінші кеш дейді. Жекпе-жек кешінің басты кездесуінде америкалық боксшы Дэниэл Лосано мен Рикардо Родригес жұдырықтасады. Бұл – аталған боксшылардың екінші кездесуі. WBC FECARBOX және WBO Latino белбеулері үшін өткен бірінші жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша Родригес жеңіске жеткен.

Жекпе-жек кешінің билеттері 25 доллар тұрады. Аталған шараның басты қонағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, америкалық талантты боксшы Теофимо Лопес болады.

 

Еске салайық, 27 жастағы қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 29 қыркүйек күні өткізіп, америкалық Эйбур Райтты жеңді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде