USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


«Хабар» агенттігі БАҚ арасында шағын футболдан турнир өткізеді

  • 104
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
«Хабар» агенттігі БАҚ арасында шағын футболдан турнир өткізеді

«Хабар» агенттігінің мини-футболдан БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырып отырған турниріне биыл сайдың тасындай іріктелген 16 команда қатысады.

Үш жылдан бері өтіп келе жатқан спорттық шара 22 қазан күні «Астана Аренада» болады. Жарыс алдында ұйымдастыру комитеті төрешілердің қатысуымен кеңес өткізіп, команда жетекшілерімен пікірлесті. Содан соң жеребе тартылып, қарсыластар анықталды. Ортақ келісім бойынша агенттік атынан сынға қосылатын төрт команда әр топта өнер көрсететін болды. Мысалы, «А» тобында «Хабар 24» арнасы, «Талдау және ақпарат орталығы», «Қазақ радиосы», Dixinews командалары өнер көрсетеді. «Б» тобында «Хабар», Astana, Qazaqstan арналары және Журналистер үйі бар. «В» тобында «Ел арна», «Спорт 59», «Егемен Қазақстан», ал «С» тобында Kazakh TV, Елорда ақпарат, QAZSPORT және «Қазмедиа орталығы» ойнайды.

Әзиз Жұмаділ АФФ пресс-офицері: 

Khabar CUP додасы былтыр да, биыл да БАҚ лиганың алдындағы соңғы сынақ болды ғой. Журналистер үшін сол БАҚ лигасына дайындық, өте үлкен сынақ және осы Khabar CUP шарасында кім қалай ойнады, сол БАҚ лигаcында солай жалғастырып кетіп жатады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top