USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Димаш Ниязов жеңісін жанкүйерлеріне арнады

  • 199
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Димаш Ниязов жеңісін жанкүйерлеріне арнады

АҚШ-тан қуанышты хабар келді.

Нью-Йорктің ең үздік полицейі енді ең үздік кәсіпқой боксшы атанды. Ол өзінің жеңілмейтінін тағы бір дәлелдеді.

Жұмыста да, спортта да оза шапқан жүйрік. Жас болғанына қарамастан, ол екі саланы қатар алып жүр. Бұл жолы ол америкалық қарсыласы Агустин Маурастан басым түсті. Димаш осымен өзінің 13-жекпе-жегін өткізіп отыр. 5-раунда ол қарсыласын нокаутпен құлатқан. Осылайша жерлесіміз әлі бірде-бір рет жеңіліс таппаған.

Димаш Ниязов түні бойы Нью-Йорктегі Бруклиннің қауіпті аумағында жұмыс істесе де, таңертең ол бапкері әрі әкесі Исмат Ниязовтың басшылығымен жаттығуға кіріседі екен. Ал осы жолғы жекпе-жек алдында ол қиындықтарға тап болған.

Димаш Ниязов, полицей, кәсіпқой боксшы:

- Қарсыласым мықты болды. Дайындығы жақсы. Бапкерлерім үйреткен тәсілмен оны нокаутпен құлаттым. Маған өте қиын болды, өйткені мен түні бойы жұмыс істеп, содан кейін дайындыққа баратынмын. Уақыт өте аз болды. Сондай-ақ 5-6 күндей сырқаттанып жүрдім. Бұл жекпе-жекті осында келген Қазақстан мен Құрама Штаттардағы барлық жанкүйеріме арнаймын.

Димашты қолдау үшін қазақстандықтар да келген. Олар Ниязовтың 9 қыркүйек күні Астанада өткен кәсіпқой бокс кешіндегі жекпе-жегін естеріне алды. Ол кезде Нью-Йорктегі қазақ полицейі бразилиялық боксшыны жеңген еді. Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары Димаш Ниязовты жеңіліс таппаған боксшы деп атап кеткен. Оны қолдай келген жанкүйерлері мен бапкерлері жекпе-жектен кейін дауыстары қарлыққанша айқайлап, қуаныштарын жасыра алмады.

Акмал Закиров, бапкер:

- Қарсыласы, әрине, өте мығым денелі. Жақсы дайындалған. Алайда біз оның осал тұсын анықтап, жеңіске жеттік. Бұл біздің 13-жекпе-жегіміз және 6-нокаутымыз. Алдағы жоспарларды промоутермен талқылаймыз, 2-3 айдан кейін Димаш рингке шығып қалуы мүмкін. Чемпион болуға тырысамыз. 

Авторлары: Майра Абдрахманова, Ренат Садыров

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top