USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Геннадий Головкин Қытайда Димаш Құдайбергеновпен кездесті

  • 185
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Геннадий Головкин Қытайда Димаш Құдайбергеновпен кездесті Фото: kudaibergenov.dimash/ Instagram

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Қытайға келді.

Бұл туралы Vesti.kz порталы жазады.

Шанхайда боксшы әнші Димаш Құдайбергенов және Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрәли Әлиевпен кездесті. Ол қазіргі уақытта кәсіпкер және ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі.

Айта кетейік, 2016 жылы Әлиев Головкиннің Лондонда Келл Брукпен өткізген жекпе-жегінің демеушісі болған. «Бауырларыммен керемет кездесу. Барлықтарыңызды көргеніме қуаныштымын. Шанхай», деп жазды I am a Singer жобасында көпшілікке кеңінен танылып кеткен Димаш Құдайбергенов.

Бұған дейін Құдайбергенов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына Қытайдың ең бай адамы Джек Маның мерекелік кешінен сурет салған еді. Ма 11 қараша күні Шанхайда басты рөлде өзі ойнаған деректі фильмді шығарған еді. Бұл мерекеге теннисші Мария Шарапова, актриса Николь Кидман секілді жұлдыз келген еді.

Alibaba Group интернет-компаниясынан 39 миллиард доллар пайда тапқан 53 жастағы МаГоловкиннің жанкүйері. Қыркүйек айында ол отандасымыздың мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өткен кездесуін тамашалап, жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшымен суретке түсіп алды. 

Ал Головкиннің өзі даңқты филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо және Голливуд жұлдызы Джейсон Стэтхэммен бірге фильмнің трейлеріне түскен еді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top