USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Надаль Лондондағы қорытынды турнирден шығып қалды

  • 76
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Надаль Лондондағы қорытынды турнирден шығып қалды

Әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль Лондондағы қорытынды турнирді ерте аяқтады.

Алғашқы топтық ойында бельгиялық Давид Гоффенмен кортқа шыққан испаниялық теннисші 6:7, 7:6, 4:6 есебімен ұтылып қалды. Осы кездесуден кейін тізедегі жарақаты сыр берген Надаль жарысты жалғастырудан бас тартты. Испан жігіті қазан айында жарақаттың кесірінен Базельдегі турнирге қатыспаған еді. Сосын Париждегі мастерсте ширек финалдан кейін ойынға шыққан жоқ. Жылдың қорытынды турнирінде Надальдың орнына отандасы Пабло Карреньо-Буста ойнайды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top