USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Футбол: Италия әлем чемпионатынан шет қалды

  • 88
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Футбол: Италия әлем чемпионатынан шет қалды

Италия 2018 жылы Ресейде өтетін дүниежүзілік доп додасынан шет қалды.

Өтпелі кезеңдегі матчта Швециядан 0:1 есебімен ұтылған әлемнің төрт дүркін чемпиондары Миландағы қарымта ойында қажетті нәтижеге қол жеткізе алмады. Есеп0:0. Италия соңғы рет 1958 жылы әлем біріншілігінен сырт қалған болатын. Апенин түбегінің құрамасы араға алпыс жыл салып, әлемнің үздік 32 құрамасы қатарынан түсіп қалды. Швециямен ойындағы сәтсіздіктен кейін Италияның бетке ұстар ардагер-футболшылары Даниеле де Росси мен Джорджо Кьеллини ұлттық құрамамен қош айтысты. Даңқты қақпашы Джанлуиджи Буффон да көк жейдені енді қайтып кимейтінін мәлімдеді. 39 жастағы ойыншы Италия сапында тұңғыш рет алаңға 1997 жылы қараша айында Мәскеуде Ресейге қарсы шыққан болатын. Ұлттық құрамамен 175 ойын өткізген Буффон 2006 жылғы әлем чемпионатында топ жарды. Халықаралық карьерасын қарашада бастаған қақпашы ұлттық құрамамен қарашада қоштасты.

Джампьеро Вентура, Италия құрамасының бас бапкері: 

– Мен өз қызметімнен кету туралы өтініш берген жоқпын. Алайда алаңдағы нәтижеге жаттықтырушы жауапты екенін білемін. Қазіргі жағдай үшін кешірім сұраймын. Футболшылар бар күш-жігерлерін аяған жоқ. Бірақ жеңіске жете алмадық. Доп домалақ деген осы. Бүгін сен, ертең ол жеңіске жетеді. Бізді қолдауға келген барлық жанкүйерге алғыс айтамыз. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top