USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Семсерлесуші Руслан Құрбанов қола медаль жеңіп алды

  • 176
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Семсерлесуші Руслан Құрбанов қола медаль жеңіп алды i.ytimg.com

Италияда өткен семсерлесу спорты бойынша жыл сайынғы дәстүрлі 42-ші «Trofeo Carroccio» турнирінде ел намысын қорғаған спортшы Руслан Құрбанов қола медаль жеңіп алды.

Руслан турнир чемпионы венгриялық Андраз Редлиге жартылай финалда есе жіберген болатын. Оның алдында француз Александра Бардэнэ 15:14, ирандық Мохаммед Резай Тади 15:13, кореялық спортшыны 15:13, жапондық Ямада Масаруды 14:11 есебімен тізе бүктірген болатын. Бұл Русланның Әлем кубогы кезеңіндегі жекелей сын бойынша алып отырған алғашқы медалі.

Айта кетейік, Руслан Құрбанов – болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшы. Ол Азия чемпионатының алтын медалін, Татарстанда өткен Универсиаданың күмісін иеленген. Ерлер арасында өткен әлемдік біріншілікте 1/8 финалға дейін жетіп, 215 спортшының арасынан 14-орынға тұрақтады. Қазір Руслан әлемдік рейтингтің 16-шы орнында.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top