USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Ақ Олимпиадаға тағы 10 жолдама жеңіп алдық

  • 119
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Ақ Олимпиадаға тағы 10 жолдама жеңіп алдық

Бірер айдан кейін басталатын қысқы Олимпиадада ел намысын 5 шорт-трек шебері қорғайтын болды.

Халықаралық конькишілер одағы Әлем кубогы кезеңдерінің нәтижесін сарапқа салып, лицензия берілетін спортшыларды анықтады. Оның ішінде жерлесіміз Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша бар. Ал қыздар арасында Ким А Йонг және Анастасия Крестова Ақ Олимпиадада өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Жалпы Қазақстан спортшылары 10 қашықтық бойынша жолдаманы жеңіп алды. 

Айта кетейік, Пхенчхан қаласындағы байрақты бәсеке 9 ақпанда басталады. Онда 15 спорт түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. Қазақстан бұл жарысқа 60-тан астам спортшыны апаруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 3 спорт түрі бойынша 23 лицензиямыз бар. Қалған спортшылар 9 қаңтарға дейін жолдама сарапқа салынатын әлемдік жарыстарға қатысады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top