USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



WBC: Жылдың үздік боксшысын анықтау үшін дауыс беру басталды

  • 228
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
WBC: Жылдың үздік боксшысын анықтау үшін дауыс беру басталды Фото: wbcboxing.com

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) өзінің ресми сайтында жылдың «Үздік боксшысы» мен жылдың «Үздік жекпе-жегін» анықтау үшін дауыс беруді бастады.

Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады.

«Үздік боксшы» атағына үміткерлер қатарына алты боксшы таңдалған. Олар – қазақстандық Геннадий Головкин, тайлық Срисакет Сор Рунгвисаи, америкалық боксшылар Майки Гарсия, Теренс Кроуфорд, Джермелл Чарло мен Деонтей Уайлдер бар.

Сонымен қатар 2017 жылдың «Үздік жекпе-жегі» атағына үміткерлер де белгілі. Олардың қатарында қыркүйек айында Лас-Вегаста өткен Головкин мен «Канело» кездесуі де бар.

Өз дауысыңызды WBC ресми сайтынан, яғни мына сілтемеге өтіп бере аласыздар. 

Еске салайық, қазіргі уақытта Головкин – орта салмақта WBC белбеуінің иегері. Бұл жылы отандасымыз бұл белбеуін екі рет сәтті қорғады. Тарқатып айтсақ, наурыз айында америкалық Дэниэль Джейкобс пен қыркүйек айында Сауль «Канело» Альвареске қарсы өткен кездесулерде қазақстандық боксшы белбеулерін сақтап қалды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top