USD 326.28

EUR 398.12

РУБ 5.30

Оралда допты хоккейден қысқы спартакиада ойындары басталды

Оралда допты хоккейден қысқы спартакиада ойындары басталды

4 жылда бір өтетін кешенді сын биыл төртінші мәрте жалауын көтерді.

«Мұз сарайындағы» сайысқа еліміздің әр аймағынан 8 команда қатысады. Мамандар: «Допты хоккейдің Қысқы Олимпиада бағдарламасына кіретін күні алыс емес», – дейді. Қазір Республика көлемінде бендидің 7 федерациясы жұмыс істейді.

Орал еліміздегі допты хоккейдің негізгі базасы саналады. Жалпы спорттың осы түрімен 500-дей адам жаттығып жүр. Бапкерлердің айтуынша, қазақстандық спортшылардың әлеуеті зор, арасында шетелдік клубтарда ойнап жүрген жігіттер де бар.

Азамат Шайхы, «Ақжайық» спорт клубының директоры:

Өңірімізде допты хоккей қазіргі таңда қарқынды дамып келеді. Біздің допты хоккей тарихына тоқталсам «Ақжайық» клубы бар өздеріңіз білетін, 40 жыл болды құрылғанына. Жақсы нәтижелері бар, ҚР құрама командасында біздің қатысушылар негізін құрайды.

Оралбай Жақсымбетов, допты хоккейден мемлекеттік жаттықтырушы:

– Олимпиаданың программасына кіретін болғаннан кейін допты хоккейдің дамуы үдей түседі. Біздің қазақстандықтар кеше ғана өзіміз аккредитация алдық республикалық федерациядан. Үкімет, министрлік жанынан да ең бастысы Батыс Қазақстан облысынан көп көңіл бөлініп жатыр осы допты хоккейдің дамуына.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде