USD 345,55

EUR 401,20

РУБ 5.48

Алексей Полторанин әлем кубогында жүлде алды

Алексей Полторанин әлем кубогында жүлде алды prosports.kz

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин әлем кубогында жүлделі болды.

Шығысқазақстандық спортшы Италияның Тоблах қаласында өткен кезеңде 15 шақырымдық классикалық сында үздік үштіктен көрінді. Норвегиялық Йоханнес Клэбо әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанса, ресейлік Алексей Устюгов екінші сатыға жайғасты. Қазақстандық шаңғышы жеңімпаздан төрт жарым секунд ұтылып, үшінші болып мәре сызығын қиды. 

Жалпы есепте Полторанин 11-орында келеді. Қыздар арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы сапынан Анна Шевченко тәуір нәтиже көрсетіп, 51-орынға ие болды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде