USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



АҚШ-та қазақстандық боксшы қатысқан жекпе-жек өткізілмеді деп есептелді

  • 148
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
АҚШ-та қазақстандық боксшы қатысқан жекпе-жек өткізілмеді деп есептелді Informburo.kz

Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов пен америкалық Морис Чалмерстің жекпе-жегі өткізілмеді деп танылды. 

Кездесу жартылай орта салмақ лимитінде өтуі тиіс болған. Боксшылар салмақ өлшеу рәсімін де сәтті өткізген еді. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Алайда BoxRec сайтында жекпе-жектің нәтижесі NC (No contest) деп көрсетілген, бұл кездесудің өткізілмеді деп танылғанын білдіреді. Бастарының соғылып қалуынан Эюбовтың қарсыласының қабағы жарылғандықтан, дәрігер жекпе-жекті тоқтату керектігін айтқан. Сөйтіп рефери жекпе-жекті тоқтатып, өткізілмеді деп есептелетінін хабарлаған.

Қазақстандық боксшы өткізілмеді деп есептелген жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты.

«Жағдайым өте жақсы. Жекпе-жектің қалай өткенін көрермендердің барлығы көрді. Нокаутқа түсірейін деп едім, қарсыласымды құлатуыма аз қалған еді. Ол менің күшіме қарсы тұра алмады, сөйтіп басын төмен сала берді. Маңдайыма соғылып, қабағы жарылды. Соның алдында ауыр соққы алды. Міне, бітті деп ойладым.

Жеңісті маған неге бермегендерін түсінбедім. Мен басымдық таныттым. Барлығы көрді, өзім де америкалықтың қазір құлайтынына сенімді болдым. Өкінішті, ереже сондай. Мен өзім техникалық нокаутпен жеңдім деп есептеймін. Әділетсіздік болды. Оны жақсылап қалтыраттым. Өз рекордым деп есептеймін 14-0, 12 KO», деді жекпе-жектен соң Эюбов.

Порталдың мәліметінше, олардың жекпе-жегі бокс кешінің басты кездесуі Кларесса Шилдс – Тори Нелсон кездесуінің андеркартына енгізілген. 

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top