USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Қазақстандық боксшы қыздар Сербияда жеңіске жетті

  • 192
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
<span class=favorites>Қазақстандық боксшы қыздар Сербияда жеңіске жетті</span> Фото: inform.kz

Қазақстандық әлем чемпиондары Дина Жоламан, Ляззат Күнгейбаева және Азия ойындарының финалисі Жайна Шекербекова Сербияның Сомбор қаласында өтіп жатқан «Ұлттар кубогы» дәстүрлі халықаралық турнирін жеңіспен бастады.

Бұл туралы Бокс федерациясының ресми сайты хабарлады.

Дина Жоламан (54) ширек финалда отандасы Гүлмира Байманованы 5:0 есебімен айқын ұтты. Ал Азия ойындарының финалисі Жайна Шекербекова (51) мен грекиялық Коцугерпопулудан 3:2 есебімен басым түсті.  Тағы бір әлем чемпионы Ләззат Күнгейбаева да өзінің ұлттық құрамадағы командаласы Үміт Садықованы (4: 1) жеңді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top