USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

Астанада 100-ге жуық спортшы қысқы раллиден бақ сынасты

  • 128
Астанада 100-ге жуық спортшы қысқы раллиден бақ сынасты

Қазақстандық автоәуесқойларға қыстың қытымыр күні кедергі емес.

Отандық шеберлер Астанада бас қосып, ел кубогы жолында жарысты.

Аслан Қаженов, тілші:

2018 жыл. Қаңтар. Боливия. Жол талғамайтын спорттық көліктер «Дакар» раллиінің кезекті кезеңін бағындырып жатыр. Аптап ыстыққа төтеп бере алмаған темір тұлпарлар жолда қалып, біраз қатысушы мәре сызығына жете алмады. Ал бұл өзіміздің Астана. Дәл сол 2018 жыл. Қаңтар. Жерлестеріміз бұйра құмдардың емес, көк мұздың үстінде жарысып жатыр. Раллидің қысқы бығытын дамытуды қолға алған әлемде екі-үш қана ел болса, соның бірі – Қазақстан. Отандық автоәуесқойлар үшін қақаған аяз да, қалың қар да, тіпті көтайғақ мұз да ешқандай кедергі болмай тұр.

Қысқы раллидің жазғы раллиден ең бас ерекшелігі қозғалтқыш және басқа да бөлшектері арнайы қаптамамен қапталады. Яғни қытымыз аяздарға шыдамды болуы тиіс. Бұған қоса, көліктің сыртқы бөліктері аязарда қатты зардап шегеді. Шыдамай сынып кетіп жатқан жерлері де бар. Сонымен қатар арнайы дөңгелей кигізілуі тиіс. Ол өте қымбат тұрады. Соған қарамастан, осы спортпен айналысушылар саны артып келеді.

Қазақстан Кубогына бұл жолы 100-ге жуық спортшы қатысты. Қысқы ралли болғандықтан, спортшылардың басым бөлігі орталық, шығыс және солтүстік аймақтардан. Айтуларынша, қысқы жарыста көп нәрсе қозғалтқыштың күшіне емес, жүргізуішінің шеберлігіне байланысты.

Нұрпейіс Қонысбаев, жарысқа қатысушы:

– Бұл салқын температура кейбір қозғалтқыштарға зияны жоқ. Температура көтерілмейді және спортшылар жарыстың алдында шамамен 1 ай бұрын дайындалып, көліктерін баптайды.

Нұрпейіс Қонысбаев сияқты ондаған спортшы жарыс жолынан оралған сайын жанталаса көлігін қайта қалпына келтіріп жатты. Өйткені биылғы бағдарлама өткен жылғылармен салыстырғанда, аса күрделі және қатысушыларға қойылатын талап та тым қатаң.

Денис Аксенов, жарысты ұйымдастырушы:

– Биыл жарыс жолы шамамен 2 есе ұзарды. Яғни бұрын спортшылар 45 шақырымды жүріп өтсе, енді 78 шақырымды бағындыру керек. Бұл жарысқа қатысушыға да, техникаға да біраз салмақ салады. Ралли бәсекелері осынысымен қызықты.

Астанадағы жарыс қысқы раллидің кіріспесі ғана. Енді дәл осы спортшылар Көкшетау және Павлодар қалаларында сынға түседі. Ал нағыз жеңімпаз ақпан айының соңында Астанада өтетін соңғы кезеңде аныталмақ.

Авторлары: Аслан Қаженов, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 әлеуметтік желілерде